+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде Абай еңбектеріне жүгінуіміз керек - Президент

2020 жылғы 15 қаңтар 12:27
Бөлісіңіз:
Елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде Абай еңбектеріне жүгінуіміз керек - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Бұл туралы Ақордада Президенттің кадр резервіне кірген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түсіне білген адамға туған жер, Отан, егемен ел ұғымдарының орны бөлек. Отанға деген сүйіспеншіліктің озық үлгісін ұлы Абай көрсетті. Биыл ғұлама ойшылдың туғанына 175 жыл толады. Ол еліміздің тарихында және әлем тарихында өшпес із қалдырды. Оның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы - бүкіл халқымызға үлгі-өнеге. Абайдың өсиеті - өскелең ұрпақтың айнымас темірқазығы. Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да тек бір ғана ойды - қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты. Ұлы ойшыл жастарымызды білім мен ғылым игеруге, өнер мен тіл үйренуге, адал еңбек етуге шақырды», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Абайдың «толық адам» тұжырымы өміріміздің кез келген саласында, мемлекетті басқару мен білім жүйесінде, бизнес пен отбасы институттарында негізгі тұғырға айналуы керектігін баса айтты.

«Мұның бәрі интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін қажет. Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы деуге болады. Біз елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде ұлы ақынның еңбектеріне жүгінуіміз керек. Бұл - жаңғыру жолындағы аса маңызды қадам. Халқымыз, әсіресе жас буын Абайдың сара жолын жалғауға баса мән беруі тиіс. Мен «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаламда осы мәселелерге ерекше назар аудардым. Біз елдік пен егемендіктің қадірін бағалай білуіміз керек. Жастар әрдайым ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, дәріптей білуі тиіс. Бұл - өздеріңізге жүктелген мәртебелі миссия деп біліңіздер»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT