+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елді мекендерді таза сумен қамту көрсеткіші 95 пайызға жетті - Ақтөбе әкімі

2019 жылғы 13 қараша 14:05
Бөлісіңіз:
Елді мекендерді таза сумен қамту көрсеткіші 95 пайызға жетті - Ақтөбе әкімі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерін таза сумен және газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2023 жылы Алматы тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі - Сағынтаев Жамбылдықтар 2023 жылға дейін жүз пайыз таза ауыз сумен қамтылады Мемлекет басшысы елордадағы ауыз су сапасына қатысты мәселені көтерді

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында халықты таза сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуге жақындап қалдық. Биыл бұл көрсеткіш 95 пайызға жетті. Осы жылы халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге 2,7 млрд теңге бөлінсе, келесі жылы қаржыландыру көлемі 2,5 есе артып отыр. Бұл - 22 елді мекенге ауыз су жеткізетін 27 жобаға 6,8 млрд теңге бөлінеді деген сөз. Алдағы 1-2 жылдың ішінде ауылдарды толықтай таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіншілігіміз бар», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының дерегінше, биыл облыс халқының 29,4 пайызы газбен қамтамасыз етілген. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіш деуге болады. Дегенмен облыста шалғайдағы елді мекендерге газ өткізу мәселесі әлі де өзекті.

«Себебі олар шалғайда орналасқаннан кейін газдандыру үлкен қаражатты қажет етеді. Дей тұрғанмен, болашағы бар, әлеуеті мол ауылдарға газ жеткізумен айналысып жатырмыз. Биыл Үкіметтің қолдауымен 17 ауылды газбен жабдықтау үшін қосымша 2,5 млрд теңге бөлінді. Келесі жылы бұл жұмыс жалғасын табады. 20 елді мекенге арналған 24 жобаға 1,5 млрд теңге облыстық бюджеттен бөлінеді. Осылайша біртіндеп бұл мәселені де шешеміз»,- деді О.Оразалин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT