Елді мекендердерде медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 90 нысаны салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл ауылдық елді мекендерде медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 90 нысаны салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде ауыл тұрғындарына медициналық қызметті 5272 амбулаторлық-емханалық денсаулық сақтау нысаны көрсетіп келеді, оның ішінде үш жылда 394 нысан салынып, ашылды. Аталған жобаларды жүзеге асыру медициналық көмектің сапасы мен қолжетімдігін арттырды, яғни шалғайдағы елді мекендер қамтылды. Сонымен бірге, әкімдіктер бекіткен жол карталарына сәйкес, биыл ауылды елді мекендердерде жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 90 нысанының құрылысын жүргізу және іске қосу жоспарланған», - деді министр.

Осы орайда 36 медициналық, 20 фельдшерлік-акушерлік пункт және 34 дәрігерлік амбулатория қамтылып отыр.

Оның айтуынша, жобалық-сметалық құжатнама мен олардың мемлекеттік сараптамасын әзірлеу процесін оңтайландыру үшін министрлік медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарының типтік жобаларын даярлады.

«Алматы облысында медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарының жеке дайын жобалары бар. Осы жобаларды Қазақстанның өзге де өңірлерінде пайдалануға болады. Осы арқылы, қазіргі кезеңде бұл нысандарды салу бойынша жоспарланған жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдай жасалып отыр», - деді А. Цой.


Соңғы жаңалықтар