Елді мекендер мен көшелерге арнайы тізімдегі тұлғалардың есімі ғана беріледі - Алтай Көлгінов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов депуататтық сауалға жолдаған жауабында елді мекендер мен көшелерге кісі есімін берудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экс-сенатор Мұрат Бақтиярұлы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің атына жолдаған сауалында көшелерге ат беруде және елді-мекендердің кейбіреулерін қайта атауда белгілі бір тәртіптің жоқтығын айтқан болатын. Осының кесірінен кеңестік кезеңде аудан мен облыс басқарған бұрынғы компартияның бірінші хатшылары мен кеңес төрағалары, совхоз, мекеме директорларының аттарына көше сұрау жиі кездесетінін проблема етіп көтерген.

Вице-Премьердің жауабында елді мекен мен көшелерге кісі есімін беру үшін арнайы тізім жасақталғаны айтылған.

«Ортақ тарихи сананы қалыптастыру және бірізділікті қамтамасыз ету үшін 2021 жылғы қыркүйекте Республикалық ономастика комиссиясы мемлекет пен қоғамның дамуына зор үлес қосқан қайраткерлер қатарынан «Тарихи тұлғалар» тізімін қалыптастырды. Атауларды өзгерту кезінде ономастика комиссиялары «Тарихи тұлғалар» тізіміне енген есімдерді пайдаланады», - деп жазады Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар