Елден 5 жылға шеттетілген шетелдік атын өзгертіп, Атырауға қайта келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Елден 5 жылға шеттетілген шетелдік атын өзгертіп, Атырауға қайта келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 6-12 желтоқсан аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шара кезінде Қазақстан Республикасының аумағынан қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін 5 жылға шеттетілген шетелдік азамат ұсталды. Тәжікстан Республикасының 35 жастағы азаматының өз еліне барып, жеке басын растайтын құжатындағы ақпараттарды өзгертіп, Қазақстанға кері келгені белгілі болды. Аталған дерек такси жүргізуші болып жүрген Тәжікстан Республикасы азаматының құжатын тексеру кезінде анықталды», - дейді Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Қадырбек Әбішов.

Оның айтуынша, шетелдік өз кінәсін толықтай мойындаған. Қазір ел шекарасына заңсыз кірген Тәжікстан азаматы 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шетелдіктерді елге заңсыз кіргізгендер тергелгенін хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар