Елдегі жерасты суларының 50 пайызы оңтүстікте шоғырланған - экология министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы алтын кенінің 36% Шығыс Қазақстан облысының аумағында шоғырланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев осылай деп мәлім етті.

«Қатты пайдалы қазбалардың қорын есептеу металл пайдалы қазбалардың 37 түрі және бейметаллдың 65 түрі бойынша жүргізіледі. Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстан облысында – 36%, Ақмола облысында – 21%, Қарағанды облысында – 11% шоғырланған. Мыстың 82% қоры еліміздің Шығыс және Орталық өңірлерінде шоғырланған. Үш мыңнан астам қорғасын-мырыш кен орындары және кен ашылымдары, негізінен, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған», - деді ведомство өкілі.

Оның айтуынша, ел аумағында тәулігіне 43 млн текше метр су беретін 4 мыңға жуық жерасты кеніші бар.

«Жерасты суының қоры да әр өңірде әрқалай. Барша қордың 50%-ы оңтүстікте, 30%-ы орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде және 20%-ға жетпейтін қоры бастыста шоғырланған», - деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ, ол елдің батысындағы ауыз су тапшылығын Көкжиденің көмегімен реттеуге болады деген пайым айтты.

«Көкжиде кен орны елдің батысындағы ең ірі су қоры болып есептеледі. Оның әлеуетін тұрғындардың сапалы ауыз суға тапшылығын жоюға пайдалануға болады. Қазір Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Ақпан» ЖШС Көкжиде кен орнының қазіргі жағдайын зерттеу мақсатында жерасты суларының пайдаланылатын қорларын жете барлау және қайта бағалау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 2021 жылдың аяғына қарай жерасты суларының қорлары қайта бағаланады. Кен орнының өзекті контурлары айқындалады және нақты экологиялық жүктемесі бағаланады», - деді Серікқали Брекешев.


Соңғы жаңалықтар