Елдегі жаппай ереуіл кезінде 8 қалада ғимараттар талқандалды - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оның ішінде мемлекеттік органдардың 45 ғимараты және 306 коммерциялық нысан бар. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ғимараттар 8 өңірде: Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында зардап шеккенін атап көрсетті.

Әкімдіктердің алдын ала бағалауынша, зардап шеккен ғимараттарды жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалатын жалпы шығын көлемі - 28,8 млрд теңге.

Оның ішінде ҚР Президентінің Іс басқармасы қалпына келтіретін ҚР Президентінің Алматыдағы резиденциясын есепке алмағанда, мемлекеттік органдардың ғимараттары бойынша залал сомасы - 28,7 млрд теңге.

Жалпы келген залал көлемі әлі де нақтылануда.

Ол Алматы қаласындағы барлық жылжымайтын мүлік объектілерін толық зерттеп, бағалағаннан кейін түпкілікті анықталады.

Министр коммерциялық нысандарға қатысты жалпы сомасы 109,2 млн теңге болатын жөндеу қажет екенін айтты.

Бұл санаттағы залал негізінен тауарлардың бүлінуі мен жоғалуына байланысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған комиссияның бағалауынша, жалпы ел бойынша келген шығын ғимараттарды жөндеуге кеткен шығынмен қоса мүліктің бүлінуін де есепке алғанда 136,8 млрд теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар