Елдегі терроризмге қарсы операциялар ресми Telegram-каналда жарияланып отырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы терроризмге қарсы операциялар туралы ресми ақпарат таратын Telegram-канал ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Telegram желісіндегі жаңа арна «Алматы трагедиясы» атауымен ашылған. Бұл арнада Қазақстанның барлық өңіріндегі лаңкестікке қарсы операциялар туралы ақпараттар жарияланатын болады.

Осы уақытқа дейін мұнда жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі жедел желі нөмірлері, бұзақылар мен ұрылардың ұсталуы, жаңа тағайындаулар, соңғы статистикалық деректер мен инфографикалар, фейк ақпараттарды теріске шығару түсіндірмелері ұсынылған.

Әзірге Telegram-каналда 5 мыңнан астам жазылушы бар.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Жааөзенде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылық акциялар бірнеше өңірдегі жаппай тәртіпсіздіктерге, тіпті террористік шабуылдарға ұласқан еді. Мемлекет басшысы 5 қаңтар күні Қазақстанның барлық аймағында төтенше жағдай режимін жариялады.

Әзірге республика бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 7 939 адам ұсталды.

10 қаңтар елде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды


Соңғы жаңалықтар