Елдегі сайлау тыныш өтеді- саясаттанушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Президент кандидатурасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл толығымен логикалық шешім. Менің ойымша, бұның бірнеше факторы бар. Ең алдымен - Елбасының сенімі. Екіншіден, қазіргі Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев транзиттің негізгі мақсат-міндеттерін қамтамасыз етті. Осыдан кейін барып бәлкім, «Nur Otan» партиясы Тоқаевты Президент ретінде ұсыну бастамасын көтерді», - дейді Айдос Сарым.

Саясаттанушының болжауына қарағанда, елдегі сайлау тыныш өтеді.

«Менің ойымша, сайлаудың басты ерекшелігі - билікке бірнеше жылдан бері болмаған «ауқымды сандар мен пайыздар магиясы» әсер ететін болады. Қандай да бір белгісіздік байқалмайды. Сол себепті, менің ойымша, сайлау тыныш жағдайда өтеді», - дейді Айдос Сарым.

Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясы бүгінгі кезектен тыс съезде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берген болатын.

Өз кезегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысатынын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар