Валюта бағамдары:
    usd/kzt 444.45 eur/kzt 476.27

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 62.81
Ауа райы:
Астана+30+32℃
  Jańalyqtar  >

Елдегі мектептер қауіпсіздік бойынша аттестацияланады

2023 жылғы 24 наурыз, 15:48

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдегі мектептер қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында айтты.

«Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мына шараларды қабылдау көзделіп отыр: бақылау-өткізу режимінің жұмысын күшейту; келісімшарт аясында күзетшілерге қойылатын нақты талаптарды белгілеп алу; білім беру ұйымдарын қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша аттестаттау жүйесін дамыту», - деп жазылған жауапта.

Министрлік мамандарының пайымынша, мұндай аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын практикалық білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепке 9 сынып оқушысы мектепке мен пышақ әкеліп, бірнеше оқушыны жарақаттағаны мәлім болған.

Оқу-ағарту министрлігіндегілер Петропавл қаласындағы мектептестерін жарақаттаған баланың неге психологиялық жағдайына байланысты үйден оқымағанын түсіндірді.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар