Елдегі мәйітханалардың қауіпсіздігі күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі мәйітханалардың қауіпсіздігі күшейтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілі елдегі тәртіпсіздіктер барысында мәйітханалардан мүрделердің ұрланғанына қатысты ресми мәліметті еске салып, аталмыш нысандардың қауіпсіздігі бойынша сауал қойды.

«Оның бәріне қазір тапсырма берілгенін білесіздер. Қасым-Жомарт Кемелұлы тікелей тапсырма берді. Оған байланысты мемлекеттік органдардың бәрі жоспарын жасап жатыр. 51-ден астам нақты тапсырма жүктелді. Соның ішінде сіз көтерген мәселе де бар. Сондықтан оның бәрі болашақта реттеледі. Кемшіліктер болмады деп айта алмаймыз. Кемшіліктер болғанын да жақсы білеміз. Соның бәрін ескере отырып, болашақта қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге байланысты бүкіл шаралардың қабылданатынына ешқандай күмәнім жоқ», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Аталмыш брифингіде Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны тіркеу 2022 жылдың соңына қарай басталуы мүмкін екенін атады.

«Сіздер түсінулеріңіз керек. Нақты өлшемдер бар. Қазақстан басында Ұлттық реттеушінің бірінші деңгейінде болған. Сегіз айдың ішінде екінші деңгейге шықтық. Енді соны 2022 жылдың аяғына қарай үшінші деңгейге жеткізу міндеті қойылып отыр. Қазақстан Ұлттық реттеушінің үшінші деңгейіне жеткен кезде біздің вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде қарайтын болады. Бұл – халықаралық стандарттар, бұл – талап», -деді ол БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.


Соңғы жаңалықтар