Елдегі қылмыстың 60 пайыздан астамы ұрлықпен байланысты - Ерлан Тұрғымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елдегі күзет қызметі мен полиция өкілдерінің бірлескен жұмысы әлі де жетілдіруді қажет ететітін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, құрамында 100 мыңға жуық адам жұмыс істейтін елдегі жеке күзет ұйымдарының қоғамдық тәртіпті қадағалаудағы әлеуеті зор. Сол әлеуетті бірлесе әрекет ету арқылы тиімді пайдалану қажет.

«Қалай десек те күзет ұйымдары мен полиция өкілдері екі бөлек әрекет етіп жүрміз. Тек қылмыс пен тосын жағдайлар кезінде ғана бірлесіп жұмыс істейміз. Елдегі қылмыстың 60 пайызы ұрлықпен қатысты. Әр бесінші ұрлық пәтерде тіркеледі. Бұған күзет қызметі мен полиция қызметкерлері бірлесіп, нақты тосқауыл қоюы қажет. Ол тосқауыл қағаздар мен есептер жүзінде емес, нақты іс жүзінде жасалуы керек», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрі «Смарт-қала» жобасы аясында нысандардың қауіпсіздігін заманауи технологиялардың көмегімен күзету жұмыстары жемісін бере бастағанын атады.

«Сергек» бақылау жүйесі Нұр-Сұлтан қаласының жолдарындағы тәртіп бұзушылықтың 60 пайызын анықтады. Қазақстан бойынша 2000-нан астам күзет ұйымы сигнализация жүйесін орнатумен айналысады. Ондай жүйенің тиімді екенін уақыт көрсетіп отыр. Нысан иелері үшін бұл әлдеқайда арзанға түседі. «Смарт-қала» жобасы бұл сигнал құралдарын ұялы телефонға жалғауға мүмкіндік береді. Осындай жолмен жеке пәтерлерді ді күзетуге болады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Соңғы жаңалықтар