Елдегі кәсіпорындар жарты жылда жарты триллион теңгенің көлігін шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі машина жасау кәсіпорындары жарты жылда 553 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның машина жасаушылар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Одақ өкілдері БАҚ-тағы отандық машина жасау саласын сынға алған материалдарға осы цифрды қарсы дәлел етіп көрсеткен.

«Бұл ақпарат шындыққа сай емес. Ол отандық өндірушілердің, мемлекеттік индустрияландыру саясатын жоққа шығарады. Өткен жылы «АгромашХолдинг» АҚ зауытына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы барып, саланың жұмысына оғ бағасын берген болатын», - делінген мәліметте.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының тұтас спектрі өндіріледі.

«Жітіқарадағы «Дон Мар» кәсіпорны 100 пайыз отандық құраммен дәнді дақыл дестелегіш шығарса, «Қостанай АгромашХолдинг» кәсіпорнындағы тұқым сепкіштер өндірісінің 90 пайызы қазақстандық құрам. 40 пайыз отандық құраммен комбайн да құрастырылады», - делінген мәліметте.

Одақ ұсынған ақпаратқа сүйенсек, «СемАЗ» ЖШС МТЗ тракторын шығарса, Көкшетаудағы «КАИК» кәсіпорны егіс кешендерін, тіркемелер, пресс-іріктегіштер, аспалы жабдықтар мен басқа да құралдар шығарады, AVAGRO компаниясы бүріккіштер өндірісін жолға қойды.

«Қазақстанның машина жасаушылары бәсекеге қабілеттілікті арттыру және өз өндірістерінде қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында қосалқы бөлшектердің бәрін өзімізде өндіруге күш салып келеді. Отандық техника сатып алатын шаруаларға субсидия қарастырылған. Олардың бағасы шетелдік баламаларынан 2-3,5 есе арзан», - делінген ресми ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар