+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Елдегі ең тапшы және сұраныс төмен мамандықтар

2020 жылғы 26 қазан 10:30
Бөлісіңіз:
Елдегі ең тапшы және сұраныс төмен мамандықтар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі ең тапшы мамандар – жол жұмысшысы, күзетші, даяршы, дәнекерлеуші, автокөлік жүргізушісі. Заңгерлер мен экономистерге сұраныс өте аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында электронды еңбек биржасында (ЭЕБ) білікті жұмыскерлерге арналған 176 мың бос жұмыс орны бар. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 12,2%-ға көп. Орналастырылған түйіндемелер саны 123,1 мыңға жетті, ол екінші тоқсанға қарағанда 20,2%-ға артқан. Жалпы карантиннің енгізілуіне байланысты шілде айында сұраныс пен ұсыныстың төмендеуі байқалды, бірақ тамыз айында карантиндік шаралар біртіндеп әлсірегеннен кейін бос жұмыс орындары мен түйіндемелер саны артқан.

ЭЕБ-да Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Қарағанды мен Қостанай облыстары сияқты солтүстік өңірлерде бос жұмыс орындары белсенді түрде орналастырылған. Бұл өңірлерде республика бойынша үшінші тоқсандағы барлық бос жұмыс орындарының 45%-ы орналастырылды. Осы кезеңде Нұр-Сұлтан мен батыс өңірлерінде – Маңғыстау және Атырау облыстарында жұмыс іздеушілер түйіндемелерін белсенді түрде орналастырған.

Елімізде ең көп сұранысқа ие мамандар — жол жұмысшысы (6,8 мың бос жұмыс орны), күзетші (4,9 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушісі (4,3 мың бос жұмыс орны), бастауыш сынып мұғалімі (3,3 мың бос жұмыс орны) және медбике (2,9 мың бос жұмыс орны).

2020 жылдың үшінші тоқсанында ең тапшы мамандар – жол жұмысшысы (бос жұмыс орындар саны түйіндеме санынан 4,8 мыңға асады), күзетші (3,2 мыңға), даяршы (1,5 мыңға), дәнекерлеуші (1,5 мыңға) және автомобиль жүргізушісі (1,4 мыңға).

Сонымен қатар, Қазақстандағы ең қажет емес мамандар – заңгер (жұмыс іздеушілерден түскен түйіндемелер саны бос жұмыс орындарының санынан 1,7 мыңға артық), экономист (649 түйіндемеге), инженер-программист (642 түйіндемеге), дене шынықтыру және спорт мұғалімі ( 617 түйіндемеге) және фельдшер (604 түйіндемеге).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT