Елдегі 9 моноқаланы дамытуға 1 трлн 203 млрд теңге жұмсалмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында 9 моноқаланы дамытуға 1 трлн 203 млрд теңге жұмсалатынын айтыт, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспары аясында денсаулық сақтау, білім, спорт, инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, шағын және орта бизнесті, АӨК дамыту жөніндегі және басқа да іс-шаралар көзделген.

Алтай қаласы бойынша (ШҚО) жалпы сомасы 39,7 млрд теңгеге 34 ісшарадан тұрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 4,6 млрд теңге, жеке инвестиция – 28,1 млрд теңге;

Балқаш қаласы бойынша (Қарағанды облысы) жалпы сомасы 242,8 млрд теңгеге 66 іс-шарадан тұрады, Оның ішінде республикалық бюджеттен – 67,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 36,1 млрд теңге, жеке инвестиция – 139,2 млрд теңге;

- Жаңатас қаласы бойынша (Жамбыл облысы) жалпы сомасы 652,3 млрд теңгеге 75 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 7 млрд теңге, жеке инвестиция – 641,3 млрд теңге.

Сондай-ақ, Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында жалпы сомасы 13,5 млрд теңгенің 45 іс-шарасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд теңге, жеке инвестиция – 1,1 млрд теңге тарту көзделген.

Лисаков қаласы бойынша (Қостанай облысы) жалпы сомасы 45,5 млрд теңгеге 65 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 9,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 7,8 млрд теңге, жеке инвестиция – 28 млрд теңге;

Қаратау қаласы бойынша (Жамбыл облысы) жалпы сомасы 58,5 млрд теңгеге 52 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 7,8 млрд теңге, жеке инвестиция – 45,7 млрд теңге;

Риддер қаласы бойынша (ШҚО) жалпы сомасы 36,8 млрд теңгеге 45 ісшарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 6,2 млрд теңге, жеке инвестиция – 22,7 млрд теңге;

Серебрянск қаласы бойынша (ШҚО) жалпы сомасы 6,9 млрд теңгеге 20 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 2,8 млрд теңге, жеке инвестиция – 1,1 млрд теңге;

Степногор қаласы(Ақмола облысы) бойынша жалпы сомасы 107 млрд. теңгеге 83 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 28,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 16,2 млрд теңге, жеке инвестиция – 62,3 млрд теңге.


Соңғы жаңалықтар