Елдегі 3 уран кәсіпорнының басым үлесі Ресейдің мемлекеттік компаниясына беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ел Үкіметі Қазақстандағы 3 уран кәсіпорнының басым үлесін Ресейдің «Ураний Уан Груп» мемлекеттік компаниясына беруге рұқсат етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Uranium One Netherlands B.V. компаниясына «Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қатысу үлесінің 50%-ын «УраниумУанГруп» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін. Uranium One Utrecht B.V. компаниясына «Хорасан-U (Хорасан-У)» бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қатысу үлесінің 30%-ын «Ураниум Уан Груп» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін. Uranium One Rotterdam B.V. компаниясына «Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қатысу үлесінің 70%-ын «Ураниум Уан Груп» акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Қоса кетсек, бұған дейін «Қазтехнология» акционерлік қоғамы Қарағандыдағы «Steel Manufacturing» патрон зауытын республикалық меншікке өткізгенін жазып едік.


Соңғы жаңалықтар