Елде жыл сайын 120 мыңға жуық адам зейнетке шығады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек министрі 2028 жылдан бастап Қазақстанда қанша зейнеткер болады деген сұраққа жауап берді.

«Жыл сайын бізде 120 мыңға жуық адам зейнетке шығады, олардың шамамен 50%-ы әйелдер. Енді бізде шамамен 150-160 мың адам зейнетке шығады. Қазіргі уақытта 2,2 миллион зейнеткер бар, ал 2028 жылдан бастап 2,5-2,6 миллион адам болады. Жалпы зейнеткерлік жасқа жеткендер есебінен және 61 жасқа дейінгі зейнеткерлік жасын тоқтатқан адамдар есебінен 400 мың адамға көбейетін болады», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды 61 жас деңгейінде уақытша тоқтатылады.


Соңғы жаңалықтар