Елде тіркелген жол апаттарының 700-ден астамына балалардың қатысы болған – ҚР ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елімізде балалардың қатысуымен 700-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Себебі каникул кезінде олардың бос уақыты көп. Кейде балалар жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамай жатады. Ата-анасына қарап бой түзейді, мысалы, ата-ана жол бойын кесіп өте салса, оны көрген бала қайталайды. Жыл басынан бері балалардың қатысуымен 700-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді», - деді Әсет Оспанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, жол қауіпіздігін қамту мақсатында бірқатар іс-шара атқарылып жатыр.

«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жыл сайын «Назар аударыңыз, балалар!», «Қауіпсіз жол», «Мектепке жол» тағы сол сияқты профилактикалық шаралар өткізіледі. Мысалы, 15-31 мамыр аралығында ел көлемінде «Назар аударыңыз – балалар» іс-шарасы өтті. Мақсаты-балаларға жол-көлік ережелерін үйрету, қауіпсіздің маңыздылығын түсіндіру», - дейді ол.

Одан бөлек, ІІМ өкілі балаларды тасымалдайтын автобустардың талапқа сәйкестігі тексерілетінін айтты.


Соңғы жаңалықтар