Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

«Елде не болып жатқанын білсін» – астаналық әже референдумға немерелерімен келді

2022 жылғы 5 маусым 13:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 64 жастағы Бибіәмина апай референдумға 2 немересімен келді. Елорда тұрғыны №111 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік алғалы 30 жылдан асып барады, өзгерістер керек-ақ. Өзгерістер осындай саяси реформалардан басталады. Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер еліміздің болашағы үшін маңызды. Мен сол үшін келіп отырмын. Әр адам өзінің, балалары мен жақындарының ертеңгі күні туралы ойланатыны рас. Ал ертеңгі күннің жарқын болуы елдің жалпы жағдайына байланысты. Сондықтан әр азамат референдумға қатысып, таңдауын жасағаны жөн. Кейінгі ұрпақ елде не болып жатқаны туралы көрсін, білсін деген мақсатпен бүгін немерелерімді референдумға ертіп келдім», - деді Бибіәмина әжеміз.

Астаналық тұрғынның айтуынша, елімізге өзгерістер керек және оны күтіп отырмау керек.

«Өз басым бұған дейін осы секілді саяси шара, сайлауларға қатысқан емеспін. Себебі өзгерістердің болатынына сенбедім, сенімсіздік болды. Енді менде сенім пайда болды. Жаңа заман, жаңа өмір, жаңа Қазақстанға нық сенімдімін», - дейді ол.

Айта кетсек, елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 референдум учаскесінде 3511 қатысушы тіркелген. Олар кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс беру құқығын пайдалана алады.


Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме