Елде қант тапшылығы жоқ - Cауда министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Елде қант тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» - деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Еске салсақ, бұған дейін де Қазақстандағы қанттың қоры 3 айға жететіндігі хабарланды. Алайда бірнеше өңірде қант саудасына байланысты ажиотаж байқалды.




Соңғы жаңалықтар