Елде іскерлік белсенділік жақсара бастады – Ғалымжан Пірматов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов 8 ай қатарынан теріс көрсеткіште болған іскерлік белсенділік оңала бастағанын айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 8 ай қатарынан теріс аймақта болған іскерлік белсенділік жағдайы да жақсара бастады. 2023 жылдың қаңтар айында іскерлік белсенділік индексі өсу аймағына өтіп, 50,7-ні көрсетті. Ақпан айында индикатор 50-ді құрап, өзгеріс болмағанын аңғартты. Барлық секторда тауар жеткізу мерзімінің ұзақтығы іскерлік белсенділікті тежейтін фактор болып қалып отыр», - деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ, жыл басынан бері әлемде іскерлік белсенділік жақсарғанын, оған көбіне Қытай экономикасының коронавирус шектеулерінен босауы себепкер болғанын атап өтті.

«Қытай экономикасының ашылуына байланысты сұраныс артып, рецессиялық тәуекелдер төмендеп, логистикалық маршруттар жөнге келгендіктен баға қысымының әлсірегені байқалды», - деді Ғалымжан Пірматов.


Соңғы жаңалықтар