Елде азық-түлік қоры жеткілікті – Сауда министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрлігі елдегі азық-түлік қоры мен тасымалына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта еліміздің біраз өңірінде сауда саласындағы жағдай тұрақты. Сауда нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Дегенмен кейбір өңірлерде бұзақылық салдарынан зардап келген сауда орындары жұмысын тоқтатты», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, елдегі азық-түлік қоры жеткілікті және оны өңірлерге уақытылы жеткізу үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде жағдай тұрақталған өңірлерде біртіндеп төтенше жағдай режимін алып тастау туралы айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар