Елбасының Жолдауына сәйкес 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспауы тиіс - алқа мәжілісі

None
None
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасының Жолдауына сәйкес 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспауы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің сөзіне қарағанда, Жол картасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Қазіргі кезде инвестициялық жобалардың тізімі айқындалған. Атап айтқанда, 125 миллиард теңге қаржыландыру көлемінде инвестициялық жобалардың жалпы саны 3 мыңға жуық.

«Жөндеу жұмыстарында 130 мың жұмыс орынын құру жоспарланып отыр. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 6,3 миллиард теңге бағытталмақ. Оның есебінен 52,7 мың уақытша жұмыс орындары құрылады. Кадрларды қайта даярлауда 67 мың адамды қамти отырып, 8 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр», деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Жол картасының 5 255 жобасы жүзеге асырылды. Жол картасын жүзеге асыру барысында 258 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, 248 мың адам жұмыспен қамтылды (бір жұмыс орнының құны 681 мың теңге, оның ішінде орташа жалақы 30 мың теңге көлемінде). Сондай-ақ кадрларды даярлау және қайта даярлауға 97,7 мың адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 73,4 мың адам орналастырылды. Жастар тәжірибесіне 3,2 миллиард теңге салынған және 100 мыңнан астам адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жалпы жол картасын жүзеге асыруға 191,5 миллиард теңге бағытталды.

Соңғы жаңалықтар