Елбасының Жапонияға сапары үлкен символдық мәнге ие болды - сарапшы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға жасаған сапары үлкен символдық мәнге ие болды. Сондай-ақ, оның практикалық маңызы зор. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Антон Бугаенко айтты деп хабарлайды,ҚазАқпарат тілшісі.

23-24 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Жапонияға барды. Елбасы Императордың таққа отыру салтанатында Орталық Азия өңірінің жоғары деңгейдегі жалғыз өкілі болды, бұл Жапонияның аймақтық саясатындағы Қазақстанның маңыздылығын растайды.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары барысында Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абемен кездесу өтті. Премьер-Министрмен әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жапония инвестициясының Қазақстандағы рөлін атап өтті. 2019 жылдың басында жапондық компаниялардың инвестиция көлемі 5,9 млрд АҚШ долларын құрады, ал жапондардың қатысуымен кәсіпорындардың саны 70-ке жетті. 2019-2021 жылдары Қазақстан шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Континенттегі Жапонияның инвестициялық қызметінің жандануы жапон компанияларының жаңа инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді»,-деді сарапшы Антон Бугаенко.

Сарапшының айтуынша, Жапондық компаниялардың Қазақстан экономикасына салған инвестициялары екі ел арасындағы сауданың өсуіне ықпал етті.

«Мәселен, 2018 жылы сауда көлемі 2 млрд АҚШ долларына жетіп, 54%-ға артты. Осыған байланысты Синдзо Абэ екі жақты сауда қатынастарын дамыту үшін мәдени байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, «адами байланыстардың кеңеюі экономикалық және іскерлік қатынастардың одан әрі дамуына серпін береді», сонымен бірге ол Қазақстандағы іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту қажеттігін атап өтті»,-деп қосты Антон Бугаенко.

Айта кетейік, осы сапар барысында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуб университетінің құрметті докторы атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар