Елбасының жапон императоры қабылдауындағы суреттері жарияланды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония Императоры Нарухитоның атынан өткен ресми қабылдауындағы суреттері жарияланды. Бұл жөнінде Елбасы баспасөз қызметінің Instagram парақшасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэның арнайы шақыруымен жапон императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған салтанатты шараға қатысу үшін Токиоға келген еді. Ресми сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Цукуба университетінің құрметті докторы атанды.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті.

Соңғы жаңалықтар