Елбасының және өзге де сырқаттанған отандастарымыздың тезірек жазылуын тілеймін - Шерзод Пулатов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы күндері коронавирус инфекцияның таралуы көбеюде. Өкінішке орай біздің Тұңғыш Президентіміз Елбасымызға да бұл вирустың жұққандығы анықталды. Сонымен бірге бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен көптеген таныстарымның ауырып қалғандығы мені қатты алаңдатты»,-деп жазады ҚХА Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов.

«Ең біріншіден мен Алладан Елбасымызға және барша емделуші отандастарымызға зор денсаулық, тез арада жазылып кетуін шын жүректен тілеймін.

Денсаулықтың құндылығын және аурулардың жойқын салдарын түсініп, бір-біріне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы ой керек. Сондықтан карантинге байланысты басшылықтын енгізген барлық шаралары өте қажетті және орынды.

Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел - құл болмайды». Сондықтан, барша қазақстандықтарды мемлекетімізде жарияланған тәртіпке бой ұсыынып, өздерінің және жақындарын вирустан сақтауға барша мүмкіндігімен атсалысуыға шақырамын. Сақтанғанды Аллаһ сақтайды! Барша мүмкінді қолға алып сақтанып жүрейік!

Біздің халқымыздың басынан көптеген қиыншылық өткен. Бұл қиындықты да артқа тастарымызға сенімім мол. Аман сау болайық!»,- деп түйіндейді ҚХА Төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар