Елбасының және осынау вируспен күресіп жатқан барша жанның сауығып кетуін тілеймін - Кентал

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші Кентал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және осынау вируспен күресіп жатқан барша адамның тезірек сауығып кетуіне тілекші екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауру сенің әлеуметтік мәртебеңе, қоғамдағы орның мен танымалдығыңа қарамайды. Осынау зұлым вирус алдында барлығымыз да бірдейміз. Елбасының және осынау вируспен күресіп жатқан барлық адамның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Алла шипасын берсін. Тез жазылып кетіңіздер, Аман бол, халқым!», - деп жазды әнші Instagram парақшасында .

Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. Соған қарамастан Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда.

Осы уақытқа дейін еліміздің барлық өңірлерінен жұртшылық Елбасының саулығын тілеп, ізгі ниеттерін білдіруде. Мұнан бөлек, Ресей Президенті Владимир Путин , Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған , Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Моди , Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тілеп жеделхат жолдады.


Соңғы жаңалықтар