Елбасының жаңа кітабы - өте мазмұнды бірегей шығарма - Сенат төрағасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының жаңа кітабы туралы оймен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасымыздың «Тәуелсіздіктің Дәуірі» атты жаңа кітабы өте мазмұнды, шынайы деректерді көрсететін бірегей шығарма, ол елімізде де, шетелде де үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз», деп жазды Сенат төрағасы Туиттердегі парақшасында.

 

Еске сала кетсек,15 желтоқсанда Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері болып өтті. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. 

Соңғы жаңалықтар