+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазынаны» басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

2021 жылғы 22 маусым 18:00
Бөлісіңіз:
Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазынаны» басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Әбсаттар Дербісәлінің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

Жиында кеңес шешімдерінің орындалу нәтижелері бойынша баяндамалар тыңдалып, Қордың болашақ инвестициялық жобаларының бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Сәтқалиевтің ақпаратын тыңдай келе, Қор жұмысына оң баға берді. Дүниежүзілік дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсеріне қарамастан, Қор 2020 жылды табысты аяқтағаны айтылды.

Кеңес мүшелері «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясының сатып алу кезіндегі жергілікті үлесті арттыруға бағытталған тәсілдеріне, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларына қолдау білдірді. Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы пандемия жағдайында Үкімет ұлттық экономиканы қолдау үшін барлық тетіктерді белсенді әрі тиімді пайдаланып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар кеңес барысында «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басшыларының есебі тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Темирбекова А каз
Темирбекова А каз
954-059

MURAǴAT