+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы басталды

2019 жылғы 21 тамыз 10:58
Бөлісіңіз:
Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жаңа экологиялық партия құрылады Еліміздің бірқатар қаласында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Open space» форматына көшеді

Отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 16 тамызда «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамыз күні Үкіметтің, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының және өңір басшыларының қатысуымен өтетін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Сол күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысын өткізіп, партияластарының алдында қандай міндеттер тұрғанын атаған еді.

Отырыс барысында партия бағдарламаларының орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттары қаралды.

Елбасы барлық азаматтарды мемлекеттің өткір әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін партияға қосылуға шақырды. Ел аймақтарындағы азаматтардың проблемаларын шешуде «Nur Otan» партиясының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының төрағасы Қоғамның партияға сенімін арттыру мақсатында ақпараттық-идеологиялық стратегияны қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT