Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы жұмысын бастады. Сессияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан сессияға 1 500-ден астам адам жиналған. Олардың ішінде бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Сессия соңында «Туған жерге тағзым» атты салтанатты концерт болады. Онда қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова ән шырқайды. Жалпы концерт «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» хореографиялық композициямен басталады. Оған «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі, «Рухсара» би ансамблі солистері, Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры, «Наз» Мемлекеттік би театры, «Мәңгілік» би театры және шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» ансамблі қатысады.

Айта кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы қарсаңында Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен еді.

Соңғы жаңалықтар