+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

2019 жылғы 25 қыркүйек 19:31
Бөлісіңіз:
Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отырыс барысында еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

– Бірінші сұрақ – ақпараттық қауіпсіздік. Бұл өзекті мәселе. Қазіргі таңда дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілер басым. Бір жағынан, бұл жақсы үрдіс. Интернетте танымдық және ағартушылық ақпарат көп. Екінші жағынан, киберқауіпсіздікке байланысты қатерлер де баршылық, - деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында халықаралық тәжірибені зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

– Бұл мәселеде басқа елдермен тәжірибе алмасу қажет. Осы бағытта дамуды қолдай отырып адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ақпаратты тыңдай келе, Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының көлік-транзиттік даму әлеуетінің кейбір аспектілеріне назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасы өңірде кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, отырыста батыс макроөңірінің агроөнеркәсіптік хабын құру мәселелері қаралды.

Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Үкімет пен Ақтөбе облысының әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT