Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі.
Жиында Түркістан облысының Арыс қаласындағы қазіргі ахуал және еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Арыс қаласында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, сондай-ақ жарылыс салдарын жоюға атсалысып жатқан барлық құзырлы орган қызметкерлерінің және волонтерлердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.
«Соңғы ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің саны 160-тан асты. Барша қазақстандықтар бірлігіміздің бекем екенін көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Еліміздің әр түкпірінен азаматтар алаңдаушылық білдіруде, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыскерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірігіп жатыр. Бір өңірдің басына түскен қиыншылық - бәрімізге ортақ мәселе. Біз халқымыздың ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Барша қазақстандықтарға ризашылығымды білдіремін», - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев өңірде қалыпты жағдайды тезірек қалпына келтіру және тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсету үшін мемлекет тарапынан барлық шаралар қолданылып жатқанын атап өтті.
Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша еліміздегі су ресурстарының және су шаруашылығы нысандарының жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ, тұрғындар үшін таза ауыз судың қолжетімді болуына және суды үнемдеп пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Арыс қаласында жөндеу жұмыстарын жүргізу және азаматтардың тұрғылықты жеріне оралуын ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
- Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
- 18 қаңтардан бастап СҚО мектептерінде асханалар ашылады
- Карантин: Келесте мониторинг тобы 1 мыңға жуық нысанды тексерген
- Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – бас санитар
-
Елбасы «Nur Otan» фракциясы депутаттарының алдына нақты міндеттер қойды
-
Мәжіліс төрағасы лауазымына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы қаралды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам