Елбасының тікелей желіде сөйлеген сөзіне байланысты шаралар ұйымдастырылуда

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желіде Қазақстан халқымен жүздесуін Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің оқытушылары мен студенттері мұқият тыңдап, өздеріне қатысты сауалдарға да жауап алды.

 Бұл туралы университет ректоры, профессор, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, тікелей сұхбаттан кейін іле-шала дөңгелек үстел отырысы өткізілсе, қазір кураторлық сағаттар ұйымдастырылуда. Магистранттар тақырып таңдаған кезде Елбасы алға қойған басты бағыттарды ескеруде. Президент Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған дәрісінде де маңызды мәселелерді атап көрсеткен болатын. Алдағы уақытта осы бағытта ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар