Елбасының тікелей желі арқылы қазақстандықтардың сауалдарына жауап беретіндігіне орай Байланыс орталығының жұмысы басталды

None
None
анның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында қарашаның 13-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы қазақстандықтардың сауалдарына жауап беретіндігіне байланысты еліміздің түкпір-түкпірінен сұрақтарды қабылдау үшін Байланыс орталығының жұмысы басталды.

Бұл туралы бүгін аталған мәселеге орай өткен брифингте ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрғасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгін тікелей желінің Интернет үлгісі іске қосылды. Онда ел азаматтары көкейінде жүрген сауалдарды қоя алады. Сонымен қатар, онда бейне сұрақтарды да орналастыруға болады. Мұнымен қоса, бұл конференция барысында желіге қосылған кез келген пайдаланушы белгілі бір айдарлар бойынша сұрақтарын жолдау мүмкіндігі де бар»,-деді агенттік басшысы.

 Аталған Байланыс орталығының басшысы Әлия Ғалымованың айтуынша, биылғы жылы Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша байланыстың қазіргі заманғы барлық арналарының, яғни интернет, телефон, сондай-ақ мобильдік байланыстардың мүмкіндіктері біріктірілген.

 «Осыған орай біздің  шара «Қазақстан Президентімен тікелей желі арқылы байланыс» деген атауға ие болды. Еліміздегі телефондандыру деңгейі мен интернет ресурстардың дамуы үдерісін ескере отырып, тікелей желіге кез келген ел азаматтары қатыса алады», деді ол.

 Ә. Ғалымованың сөзіне қарағанда, Байланыс орталығының тікелей желісінің (8-7172) 555-777 телефон нөміріне хабарласуға болады. Сондай-ақ интернет арқылы Ақорда мен «электронды үкімет» сайттарында құрылған тікелей желінің веб-порталына (http://www.line.gov.kz/ ) сауалдар қойылады.

 Естеріңізге сала кетейік, Елбасы еліміздің халқымен дәстүрлі түрде тікелей байланыста Қазақстан азаматтарының сауалдарына жауап беріп келеді. 2005 жылы бұл шара тікелей эфир түрінде өткізілсе, 2007 жылы интернет-конференция ұйымдастырылған болатын.

 Айта кетейік, Президенттің халықпен тікелей желі арқылы тілдесуіне небәрі14 күн қалды. Дәл осы уақытқа дейін Байланыс орталығына 40-қа жуық сұрақ келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар