Елбасының тапсырмасымен құқық қорғау жүйесін жаңғырту жүріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  тапсырмасымен құқық қорғау жүйесін жаңғырту жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматыда өткен қоғамдық кеңес отырысында ҚР Президенті әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди айтты.

«Мемлекет басшысының 30 мамырдағы Қауіпсіздік кеңесіндегі тапсырмасына сәйкес 3 жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс топтары құқық қорғау және сот жүйесін жаңғыртумен айналысатын болады. Қарулы күштер құрылымын реформалау - өте күрделі процесс. Бұл процесс өте терең талдауға негізделуі тиіс. Прогресс бір орында тұрмайды. Кеше тиімді болған нәрсе бүгін қажеті жоқ болуы мүмкін. Қоғамдық кеңес мүшелеріне айтқан ұсыныстары үшін алғыс айтамын», - деді Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, қоғамда  шешілуі кезек күттірмейтін аса маңызды  мәселелер - полицияға сенімнің артуы, ІІО жеделдігінің төмендігі, қылмыс санының артуы, тағы басқа мәселелер Қоғамдық кеңес берген ұсыныстарда анық көрініс тапқан.

ПӘ өкілі жұмыс тобының осы уақыт аралығында атқарған жұмысы туралы баяндады.

Айта кету керек, Қоғамдық кеңес ҚР ІІМ реформалау туралы ұсынысын Президент әкімшілігіне бағыттаған болатын.

Соңғы жаңалықтар