Елбасының стратегиялық бағытын бағдар еткен Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік болғай - Перушаев
2016 жылғы 23 қараша 16:02

Елбасының стратегиялық бағытын бағдар еткен Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік болғай - Перушаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының стратегиялық бағытын бағдар еткен Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік болғай. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы» жобасын талқылау барысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында ҚР Парламенті арнайы декларация қабылдап отыр. Әрине, тарих өлшемімен алғанда бұл қас-қағым сәт. Бірақ, осы уақыт ішінде Елбасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен халқымыз осынау таңғажайып толайым табыстарға қол жеткізіп, бүкіл әлемнің назарын аударып отыр. Қазақ халқының азаттық үшін күрескен Алаш арыстары айтқанындай, «Мемлекеттігі жоқ халық, жетім халық», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның атап өтуінше, еліміздің сан ғасырлар бойғы үміті, қол жетпестей сағымды арманы тек 25 жыл бұрын ғана Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастауымен шынайы өмірге айналды

«Санаулы ғана уақыттың ішінде еліміз егемен мемлекет ретінде қалыптасты деп мақтанышпен айта аламыз. Ендігі тілегіміз Елбасының стратегиялық бағытын бағдар еткен Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік болғай», - деді Перуашев.

Jańalyqtar

MURAǴAT