USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Елбасының отбасылық портреті көрмеге қойылды

2017 жылғы 11 желтоқсан 18:39
Бөлісіңіз:
Елбасының отбасылық портреті көрмеге қойылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті архивінде Мәңгілік ел қайраткерлерінің жеке көрмелері жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл іс-шара қазіргі Қазақстанның саясаттағы, экономика мен мәдениеттегі жетістіктерін кең көлемде насихатау бойынша «Мәңгілік Ел қайраткерлері. ХХ ғасыр» құжаттық көркемөнер көрмелері цикліне кіреді.
null null null

Бүгін келушілер назарына 200-ден астам суреттің, Талдықорған қаласы гербінің, Алматы облысы гербі мен туының авторы, суретші Хамза Қиқымовтың туындылары қойылды.

Суретшінің 12 жұмысы Елбасының өміріне арналған «Үшқоңыр» кітабына енді. Оның ішінде дастархан басына жиналған отбасы, әкесінің атына мінгескен кішкентай Нұрсұлтан, бидай шауып жатқан Елбасының бейнелері бар.
null

«Өнердің дамуы рухани өркендеудің құралы болғандықтан, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік және мәдени дамуы аса маңызды басымдық болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрқашан ұлттың рухани байлығын бүгінгі ұрпақ санасына жаңғырту керектігін үнемі айтып келеді. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие беретін тарихта орны бар тұлғалардың ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің рухани мұраларын кеңінен насихаттау күн тәртібіміздегі кезек күттірмес міндет. Бүгінгі көрмеде суретші Хамза Қиқымовтың туындылары қойылғаны кездейсоқтық емес. Себебі, жақында Елбасының өмірі туралы «Үшқоңыр» кітабының тұсаукесері болған еді. Бұл кітапқа суретшінің 12 картинасы енді»», - деді Архив директоры Боирс Жапаров.
null

«Өнер - адамның ішкі дүниесін ашары сөзсіз. Маған Шәкәрім өлеңдерінің тереңдігі ұнайды. Мына суретімде оны қалай қабылдайтынымды көрсетуге тырыстым. Басқа да табиғат этюдтары, абстрактілі картиналарым бар. Адамдар шығармашылығым туралы қызығушылық танытып жатқаны көңілге қуат береді», - деді суретші Хамза Қиқымов.
null

Көрменің ашылуына Қазақстан Суретшілер одағының, Алматы әкімдігінің, қазақстандық суретшілер мен мүсіншілер, студенттер қатысты.
null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT