Елбасының осал секторды қолдау жөніндегі шарасы Үкіметтің бюджетті тиісті деңгейде атқаруына зор көмегін тигізді - О.Өксікбаев

None
None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Әлемдік қаржы дағдарысы еліміздің экономикасына да айтарлықтай  әсерін тигізді. Бұл жағдай әрине Мемлекет басшысының ұдайы назарында болды.

 Елбасының ұлттық қордан қаражат бөлуді қоса алғанда, осал секторларды қолдау жөніндегі қабылдаған шешімдері Үкіметке әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін орындауына үлкен қолдау болды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәлімдеуінше, жағдайдың  осылайша қалыптасқандығына қарамастан бюджеттің атқарылуын талдау және бақылау шараларының қорытындысы еліміздің экономика және бюджет саясатында осал тұстардың бар екендігін де көрсеткен. «Мұндай кемшіліктер жекелеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің сапасына және және республикалық бюджеттің тиісті деңгейде атқарылуына әсерін тигізді. Біздің пайымдауымызша, бюджеттің сапалы орындалуына экономикадағы қаржылық дағдарыстың әсерінен басқа өзге де бірқатар проблемалар бар. Біріншіден ол бюджеттік жоспарлау мәселесінің жетілдірілмеуі», -  деді О.Өксікбаев.

Соңғы жаңалықтар