Елбасының өмірлік тәжірибесін, парасаттылығын пайдалану керек - сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаты Әли Бектаев «Құрметті Сенатор» мәртебесіне ие болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының өмірлік тәжірибесін ұйымдардың жұмысында пайдалану керек. Өмір тәжірибесі лайықты тұлғаның ақылын да, парасаттылғын да пайдалануымыз керек», - деп тоқталды депутат Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол «Құрметті Сенатор» өзге депутаттар сияқты жалақы алмайтынын, бұл өз кезегінде қоғамдық негізде атқарылатын қызмет екенін жеткізді.

«Елбасына «Құрметті Сенатор» мәртебесінің берілуінен ҚР Парламенті Сенаты жұмысының сапасы да, беделі де арта түседі деп ойлаймын. Жалпы, Сенаттың жұмысында қосымша жауапкершілік пайда болады деген пікірдемін. Тұңғыш Президенттің отырыстарға қалаған кезде қатысуға мүмкіндігі бар, яғни маңызды заңдар мен мәселелерді талқылау барысында тиісті ұсыныстарды жасай алады», - деді Әли Бектаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді.

Соңғы жаңалықтар