Елбасының «Nur Otan» филиалдары өкілдерімен кездесуінен видео жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» филиалдары өкілдерімен кездесуінен видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сіілтеме жасап.

Кеше ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалдарының өкілдерімен кездескен еді. Отырысқа «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі Фракция депутаттары, мәслихат фракцияларының хатшылары мен жетекшілері қатысқан болатын.

Жиында Елбасы Nur Otan партиясының кеңесінде партияның өңірлердегі жұмысын жетілдіруді тапсырды.

«Әрбір әкімнің және мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін күшейту керек. Қазіргі уақытта барлық реформалар аймақтарды дамытуға бағытталған. Мәселен, соңғы 10 жылда жергілікті бюджеттер 3 есеге жуық өсіп, 4,7 трлн теңгені құрады. Бөлінген қаражаттың жұмсалуына партияның қатаң бақылауын қамтамасыз ету маңызды. Сонымен бірге, депутаттар жұмысын одан әрі жақсарту мен барлық мәслихаттардың мәртебесін нығайту шараларын жүргізу қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін арттыру мен «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын баяндады. Бағдарлама бойынша 2 жылда елімізде 750 мың жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, 2023 жылға дейін барлық ауылға сапалы ауыз су беріледі.

Жиында Елбасы Nur Otan партиясының әрбір өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, мәслихаттың сайлауалды партиялық тізіміне кімдер кіруі тиістігін атады.

Соңғы жаңалықтар