Тұңғыш Президент: жасампаздық пен дамудың 30 жылы атты жиын өтуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «ҚР Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы» атты халықаралық жиын өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиынды ашқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, осы мерекенің маңызына тоқталып өтті. Оның айтуынша, бұл күн - жәй мереке емес. Ең алдымен, елдігіміз бен мемлекеттігіміздің символы, 30 жылдық тұрақтылық пен бейбітшіліктің бірегей кепіліне айналған айшықты күні. «Өйкені Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, егемендігімізді бекіткен елміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи тұлғасы мен саяси қайраткерлігі қашан да зор құрметке ие, Сондықтан бұл мереке Елбасына деген халықтың жоғары ілтипатын, елдің ыстық ықыласының көрінісі деп білемін. Расында да қазақ деген ұлтты әлемге танытып, Қазақстан деген елді дүние төріне оздырған Елбасының осы парасатты еңбегі, салиқалы саясаты. Содан болар, бұл мереке бір тұлға емес, тұтас ұлттың, Тәуелсіз жұрттың ортақ қуанышы деп нық сеніммен айта аламыз», - деді министр А. Балаева.
Жиын барысында Қазақстанның бірінші сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов та сөз сөйледы. Ол Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру кезеңіндегі ерен еңбегін атап өтті.
«Қазақстан үшін қажет көшбасшы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі айрықша болды. Ол Тәуелсіз мемлекетті құру жолында өзіне үлкен жауапкершілікті алды» ,-деді Т. Сүлейменов- Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
- Қоғамдық бақылау мемлекет өмірінің барлық саласында болуы керек – сарапшы
- Аида Балаева онлайн петиция бірыңғай платформасын құру үшін негізгі талаптарды атады
- Аида Балаева Қоғамдық кеңес мүшелерімен «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады
-
Аида Балаева: Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек
-
Салалық журналистиканы дамытуда маңызды кезең басталады - Аида Балаева
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам