Елбасының құқық қорғау қызметін реформалауға қатысты Жарлығына сәйкес 9 заң жобасы әзірленді

None
None
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет Басшысының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз ету жүргізілуде.

Осы мақсатта ведомствоаралық комиссияның 224-ші отырысы өтіп, 9 заң жобасының тұжырымдамалары мақұлданды. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

«Атап айтқанда, заң жобалары бойынша қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру, сот ісін жүргізуді жетілдіру, сондай-ақ сотқа дейінгі өндірісте сот бақылауын кеңейту, медициналық айықтырғыш қызметі, сотталғандарға қатысты кейбір бұлтартпау шараларын қолдану нормалары қамтылады. Бұдан бөлек, кәмелет жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу мен оңалту орталықтарының қызметі, бизнес пен жеке меншіктегі мүлікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы тұру жөніндегі заң жобалары да әзірленуде. Қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдар тиісті заң жобаларын әзірлеуде және олар жақын арада Үкіметке келісу үшін енгізіледі», деді Е. Ерімбет.

Соңғы жаңалықтар