Елбасының көрерменге белгісіз қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасында журналист Айгүл Әділованың «Портреттің штрихтары» деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш фильм Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен шығып отыр.

«Портреттің штрихтары» – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз болып келген қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған», делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар