Елбасының Қазақстанымыздың жарқын болашағы үшін әлемнің озық 30 елінің қатарынан көрінуді мақсат тұтып отырғандығын естіп қуанып отырмыз - Ж.Бағысова

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Күні кеше қалың қазақ елінің бір тамшысындай ғана отбасыммен бірге отырып, Елбасының халыққа Жолдауындағы Қазақстанның санаулы жылдардың ішінде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен иық тірестірді дегенін естігенде Мәңгілік еліміз үшін таудай мақтаныш сезіміне бөлендім, - дейді Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Жібек Бағысова.

Елбасының Жолдауын жылда өткенге баға, болашаққа бағдар беретін тұшымды тұжырым мен дәлелді дамудың айғағы ретінде қабылдайтынымыз анық. Әсіресе, мәдениет саласының жілігін шағып, майын ішкен азаматтардың озық отыз елдің қатарына қосылу жолында келешек 15-17 жылда ел дамуының «мүмкіндік терезесіне» айналатынын көрегендікпен болжаған Ұлт Көшбасшысына деген сенімі мол. Бірінші кезеңде 2030-шы жылға дейін, екінші кезеңде 2050-ші жылға дейін дамудың жолдарын санамен саралап берген Мемлекет басшысының мұндай қадамын Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Жібек Бағысова да қуаттап отырған көрінеді.

Оның сөзіне қарағанда, Елбасының ұлттық білім берудің сапасын арттыруды айта келіп, оқытудың нәтижесінде мектеп бітіруші жастардың ойлау қабілеттері терең, оқығанын көңіліне тоқи білетін зерделі, ізденімпаз болуы керек дегені көңілге қонымды. Өйткені, бүгінгі таңда елдегі жастарға техникалық білім беруді мемлекеттік тұрғыда қарау қазақ жастары үшін қажетті қадам болып отырған жайы бар.

«Мәдениет саласында көпжылдық тұжырымдама жасау көңілге қуаныш ұялатады. Елу жылдан астам сахнамен сырлас болып келе жатқан өнер адамы ретінде «Елбасы жолы» фильмі арқылы Тұңғыш Президентіміздің жалындаған жас шағындағы отансүйгіштігі мен еңбекқорлығын, табандылығы мен жанкештілігін көріп сүйсініп едік. Енді міне, «Мәңгілік Ел» Жолдауындағы Елбасының көрегендігі мен данышпандығы, Қазақстанымыздың жарқын болашағы үшін әлемнің озық отыз елінің қатарынан көрінуді мақсат тұтып отырғандығын естіп қуанып отырмыз», - дейді Ж.Бағысова.

Соңғы жаңалықтар