Елбасының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы тапсырмалары толығымен орындалды - Қаржы министрі

None
None
ырдың 23-і. ҚазАқпарат.  /Айдар Оспаналиев/ - Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтуде. Онда 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев «Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы тапсырмалары толығымен орындалды», - деген пікірін білдірді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Қазақстанда  халықтың 5 жастан 24 жасқа дейінгі бөлігінің 85 пайызы білім берумен қамтылған. Республика халқының 99,8 пайызы сауатты. Соңғы 12 жыл ішінде адами даму индексінің тұрақты түрде артуы нәтижесінде Қазақстан Беларус пен Ресейден басқа ТМД елдерінің бәрінен озып, әлем бойынша 73 орынға тұрақтады. Сонымен қатар еліміздегі балабақшалар саны көбейіп, студенттердің білімге деген ынтасы артып келеді. Осыған орай шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда.  

«Соңғы жылда зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері артты. Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту және әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуының алдын алу, ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеммен қамтамасыз ету бағытында да жүйелі шаралар атқарылуда.  Ал республикалық бюджеттің түсімі өткен жылы 3 330,9 млрд. теңгені құрады. Бұл алдын ала белгіленген жоспардың 99,8 пайызы», - деді Болат Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар