Елбасының Қауіпсіздік Кеңесі мен ҚХА-да өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын түзетулер Сенатқа жолданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын конституциялық заңнамаға түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заңдарына тиісті түзету енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы басқарады деген, екіншісінде Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы да Президент болады деген түзету қамтылды», - деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

Осы орайда депутат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңнамадағы өзгеріске тоқтала келе, Елбасының аталған екі ұйымды басқару құқығы алынып тасталғанын және өзге құқықтары сақталғанын жеткізді.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы туралы түзетуді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті енгізді... Заңнаманы қазіргі шешімдерге сәйкес келтіру керек. Біздің комитет заң сапасына жауапты», - деді С. Имашева.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Парламент Мәжілісі «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға түзетулер енгізіп, Сенатқа жолдағанын айтқан еді.

Бұдан бұрын хабарланғанда, биыл 18 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады.

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің тізгіні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында екенін еске салады.


Соңғы жаңалықтар