Елбасының қатысуымен елордада көлік инфрақұрылымының бірқатар нысандары іске қосылды

None
None
денің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордада көлік инфрақұрылымындағы Кіші көлік сақинасын құрайтын бірқатар нысандар іске қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы   ел  арасында  «бүкір көпір»   деп  аталып  кеткен  көпірдің  сол жақ эстакасы пайдалануға берілді. Оның құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Көпір ұзындығы 716 метрлік екі эстакададан, темір жол арқылы өтетін 218 метрлік екі темірбетонды жол өтпелерінен және Ақжол көшесімен қиылысы аумағындағы көлік жолайырығынан тұрады. Толығымен аяқталған сол жақ эстакаданың құрылысына 1,5 мың текше метр бетон, 200 тоннаға тарта металл жұмсалған. Көпірдің оң жақ эстакадасы 2009 жылдың қарашасында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар бүгін қала күні қарсаңында Пушкин және Ақжол көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығы тапсырылды. Оның жобалаушысы «Қазжолжобасы» ЖШС, бас мердігер «Компания АИС-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Үш айдың ішінде салынған жолайырық Көкшетау, Алматы, Павлодар бағытындағы бөгетсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыруда 6,5 мың текше метр бетон, 720 тонна металл және 12 шақырым инженерлік желі орналастырылған.

 Мұнымен қоса, Елбасы Абылай хан даңғылы мен №14 көшенің қиылысындағы көлік жолайырығының ашылуына қатысты.

 Жалпы Кіші көлік сақинасы жобасына 13 көлік жолайырығы, 3 жол өткелі және 3 көпір кіреді. Оның жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайды. Аталған  жобаны  аяқтау   2011-2012   жылдары  жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар