Елбасының қатысуымен АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосу шарасы өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз өте маңызды оқиғаға куә болып отырмыз. Осыдан бірер жыл бұрын ЭКСПО-ның құрылысы басталған кезде құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, көрмеден кейін бұл жерде халықаралық қаржы орталығы болатындығын айтқан едіңіз. Сол бүгін іске асып отыр. Бұл еліміздің экономикасы үшін тарихи сәт, мемлекетіміздің қаржы нарығындағы жаңа белес. Сондықтан осы күнмен Сізді шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз», - деді шара барысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 5 шілдесінде елордадағы Конгресс орталықта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми қызметін арнайы гонг соғу арқылы іске қосқан болатын.

Айта кетсек, 2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты - қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады.

Тәуелсіз сот, халықаралық арбитражды орталық тараптардың құқықтарының әділетті қаралуын қамтамасыз етеді. АХҚО судьялары ретінде Англия мен Уэльстен келген 9 беделді судья тағайындалды. Оларды Англияның бұрынғы Жоғарғы судьясы лорд Вульф басқарады. Арбитражды орталыққа сонымен бірге тағы 23 халықаралық арбитраж енді.

Соңғы жаңалықтар