Елбасының Финляндияға сапары аясында 20-дан астам құжат бекітілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Финляндияға сапары аясында 20-дан астам құжатқа қол қойылады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёнің шақыруымен 16-17 қазанда Финляндияға ресми сапармен барады. Бұл Елбасының аталған елге екінші сапары. Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға алғашқы мемлекеттік сапары 2009 жылғы наурыз айында өткен», - деді А. Смадияров.

Сапар бағдарламасына Саули Ниинистёмен жоғары деңгейдегі кездесу кіреді.

«Ынтымақтастықтың экономикалық бағытын нығайту мақсатында Мемлекет басшысы финляндиялық бизнес өкілдерімен кездеседі. Тараптар бірқатар құжаттарға, соның ішінде коммерциялық келісімшарттарға қол қоюы тиіс. Жалпы құжаттардың саны 20-дан астам», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Белгілі болғандай, 2017 жылы екі ел арасындағы екіжақты сауданың көлемі 307,9 млн АҚШ долларына жетті, 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 160,1 млн долларды құрады. Осы орайда экспорт 82,6 млн, ал импорт 77,4 млн доллар деңгейінде тіркелді. Бүгінгі таңда Қазақстанда финляндиялық капиталдың қатысуымен 50-ден астам кәсіпорын бар.

Соңғы жаңалықтар